«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰБАНОВТЫҢ 117-ШІ КӨКТЕМІ

Ембі қаласындағы ағайынды Жұбановтар мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен қазақ мәдениетінің кемеңгері, Қазақстан халық әртісі, композитор, дирижер, ұлт өнерінің мақтанышы, профессионал музыканың тарихи тамырларын терең барлаған жерлесіміз ғұлама — Ахмет Қуанұлы Жұбановтың әндері мен өңдеген күйлерін насихаттап, ұлттық дәстүр мен рухани қазынаныұлықтаубарысында «Жұбанов көктемі-2023» фестивалі мерекесіне орай «Күй күмбірі, ән сазы» аудандық байқауы өткізілді.

Байқау басталмас бұрын қонақтар мәдениет орталығында орналасқан Ахмет Жұбановтың ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып, композитордың өмірі мен еңбектеріне арналған жылжымалы көрмені тамашалады. 18-40 жас аралығындағы қатысушыларға А.Жұбановтың музыка тақырыбындағы өнегелі де өміршең, ғасырлар қойнауында үлкен қазына болып сақталған үш жүзге жуық баға жетпес құнды дүниелері, әндері, романстары, ариялары мен өңдеген күйлерін орындау талабы қойылды. Вокал және аспаптық жанр бойынша Қандыағаш, Жем қалалары мен Егіндібұлақ, Сағашилі, Жұрын, Ақкемер, Құмсай, Еңбек, Мұғалжар, Құмжарған ауылдық округтерінен 23 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың шымылдығын мәдениет қайраткері, күйші Салима Дүйсенбіқызының шәкірті, облыстық және респубикалық конкурстардың жеңімпазы, күй өнерін қадірлеп, дәріптеп жүргенжас күйшіС.Мырзабек Махамбеттің «Жұмырқылыш» күйімен ашып берді. «Ел іші — өнер кеніші» дегендей, өнерпаздар композитордың көп айтыла бермейтін әндерін орындап, көрерменнің көңілін көтерді. Әндерінің ішінде көп айтылмай жүрген

«Ұмытпа» әнін А.Нұрымбетова, Р.Қадірова, «Ауыл кеші» әнін А.Измуханова, «Абай» операсындағы «Ажар» ариясын Ж.Құдайбергенова, «Ақшолпан» әнінА.Алдамжарова, «Қарлығаш» әнін Е.Әлімжанов, «Түрксіб маршы» әнін Ж.Айдарханова, «Қарлығаш» әнін Г.Тажикеновалар кереметшырқаса, аспаптықжанрбойынша композитор Ахмет Жұбановтың «Би күйін», Құрманғазының «Балбырауын», С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны», Дәулеткерейдің күйі «Құдаша», Шығайұлының «Көроғұлы» күйлерін домбырашылар шебер орындады.

Әні мен әуені, домбырасы мен күйі келіскен өнерпаздардың шығармаларын орындау шеберліктері мен сахна мәдениетін сақтау ережелерін әділ қазы алқасының төрайымы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Хамзина, аудандық мәдениет үйінің директоры А. Сматов, А.Жұбанов атындағы балалармузыкамектебіЕмбі филиалының теория-сольфеджио пәні мұғаліміШ.Кішібаева, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты С.Бралин аспаптық және вокал жанры бойынша өнерпаздар арасынан жүйріктерін анықтап, Дипломдар мен ақшалай сертификаттарын табыстады.

Аспаптық жанр бойынша Бас жүлдені К.Бижанов, I орынды М.Сағидан, II орынды Н.Жұмабаев, Л.Өтеген, III орындыЗ.Қуатова, Ж.Оразовтар еншілесе, вокал жанры бойынша Бас жүлдені А. Нұрымбетова, I орынды Е.Әлімжанов, II орынды Р.Қадірова, Ж.Айдарханова, III орынды А.Алдамжарова, Г.Тажикеновалар иеленді. Байқауға қатысушы өзге қатысушыларғаАлғыс хаттармен сыйлықтар табысталды.

А.ЖӘНІБЕКОВА, Ағайынды Жұбановтар музейінің қор сақтаушысы, Ембі қаласы.

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА ТЕРМОЖАБЫНДЫ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстандық танымал суретші Жан-Клод Ван Даммға картинасын сыйға тартты

admin_mugalzhar

ПРОВЕРЕНА ГОТОВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.