«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

Жем стансасы жергілікті полиция бөлімінің қызмет ету аймағында «Қызметтік қару» жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жем стансасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бағлан Сүйіншалиннің айтуынша, аталған іс шара мекемелерге бекітілген қызметтік қарудың сақталуын, пайдалануын, алып-жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу, алдын-алу мақсатында өткізілуде екен.

-«Қызметтік қару» жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасы 4-6 желтоқсан аралығында өткізілуде. Бүгінде мекемелерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Қызметтік қаруды алып жүру қағидаларын сақтамау әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға сай жауапкершілікке тартылатынын ескертіп жатырмыз, — деді Жем стансасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бағлан Сүйіншалин.

 

Ұқсас ақпараттар

80 МЫҢ ТЕҢГЕ — БІР ОҚУШЫНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУ ҚҰНЫ

admin_mugalzhar

Қосымша құн салығы: тыңғылықты талдау қажет

admin_mugalzhar

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

admin_mugalzhar