«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘМС: МАҚСАТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

ЕЛІМІЗДЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ ЕНГІЗІЛГЕНІНЕ ТӨРТ ЖЫЛҒА ЖУЫҚТАДЫ. ОСЫ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА БҰЛ ЖҮЙЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА БІРАЗ ӨЗГЕРІС АЛЫП КЕЛДІ. БҰРЫН ҚОЛЖЕТІМСІЗ БОЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БАСЫМЫ БҮГІНДЕТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ. АТАЛҒАН ЖҮЙЕІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ? МӘМС ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ОСЫЖӘНЕ ӨЗГЕ СҰРАҚТАРҒА МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ СӘБИТ КЕУЛІМЖАЕВ ЖАУАП БЕРДІ.

Сәбит Қамбарұлы, бүгінгі таңда аудан тұрғындарының қанша пайызы сақтандырылған?

2023 жылдың қараша айында Мұғалжар ауданы бойынша сақтандырылған азаматтардың саны 52229 мыңнан астам адамды құрайды. Оның пайыздық үлесі — 86,3%. Ал 8248 адам МӘМС жүйесінен тыс қалып, қажетті жарнаны төлемей отыр. Оның арты МӘМС пакетіндегі тегін медициналық қызметтерге қол жеткізе алмауларына әкеледі. Сол себепті бұл төлемді уақытында аударып отырғандары абзал.

МӘМС жүйесінің іс жүзіне қалай асырылатыны, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі туралы айта кетсеңіз?

Қазіргі нарық заманында адамдар өзіне қымбаттының барлығын сақтандыруда. Ал денсаулықтан қымбат не бар деп ойлайсыз? Бүгінде көптеген дамыған мемлекеттер секілді біздің елімізде де өмірімізді, денсаулығымызды сақтандыруға мүмкіндік туды. Ол үшін арнайы қор құрылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жүйелі жүзеге асырылып келеді. Медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарнасын аударып, өзін сақтандыратын азамат тексерілуі мен ем қабылдауына кететін шығындарға алаңдамайтын болады.

Жоғарыда сіз атап өткен МӘМС жүйесіне төлем жасамаған адамдар науқастанып қалған жағдайда медициналық көмекті қалай алады?

Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табыстарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар алынуы тиіс. Ал енді төлем жасамайтындар да медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік терапевтің қабылдауына жазылып қана қоймай, тексеруден өтіп, бірқатар қауіпті дерттерді де тегін емдей алады. Жедел медициналық жәрдемнің қызметі де ақысыз жүргізіледі.

Тұрғындардың МӘМС жүйесіне аударуы тиіс жарна мөлшерін айтып өтсеңіз?

МӘМС жарнасы үшін жұмыс беруші жұмысшысы үшін 2 пайыз, жұмысшының еңбекақысынан 3 пайыз төлейді. Ал жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері мен жеке қорғаушылар, сот орындаушылар секілді жеке тәжірибемен айналысатын адамдар ай сайын ең төменгі жалақының 1,4- ке тең бөлігінен 5 пайызын МӘМС-ке аударып отырады. Осы жылдың бағасымен есептесек, жарнаның көлемі — 4900 теңге. Ерікті түрде төлеушілер медициналық сақтандыру үшін ең төменгі жалақының 5 пайызы болатын төлем жасай алады. Биыл ол — 3500 теңге. 2022 жылдың шілде айында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітіліп, қыркүйек айында Заң күшіне енді, яғни, сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға болады. Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады.

Тұрғындар медициналық қызметтің сапасына қатысты қайда шағымдана алады?

Шағым туындаған кезде сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Егер ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз. Олар — 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot каналы.

Сақтандыру жүйесінде өз мәртебемізді қалай анықтай аламыз? Сақтандыру қоры туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Тұрғындар сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін SаqtаndyrуВоt телеграмм бот арқылы да нақтылаyға болады. Еgov.kz сайтына кіріп, ЖCH нөмiрiн теріп, немесе аймақтық XҚKО-ға, медицинaлық ұйымғa барып, мeдицинaлық ақпарaттық жүйедегi мәртебеңiздi тексeруге мүмкіндігіңіз бар. Егeр жеңiлдік жасaлған он бес санаттың бірiне кірсеңіз, сiз автoмaтты түрдe MӘMC қатыcушысы болaсыз. Бүгінде сақтандыру қоры халықпен кері байланыс жүйесін бір ізге қойған. Адамдар «Qoldau 24/7» мобилді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесіне байланысты толық ақпарат алуға және де медицина мекемесінің қызметіне шағым қалдыра алады. Мобилдік қосымшаны қолдану үшін, смартфондағы GoogІe Plaу Market/АPP Store қосымшалары арқылы «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп, жүйеде тіркелу қажет. Қосымшaда ақпараттық материалдар мен бейнероликтер жүктелген. Сондай-ақ, сіз 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарлассаңыз болады. Ол жерде операторлар сіздің сақтандырылу мәртебеңіз туралы толық ақпарат береді.

Сұхбатыңызға рақмет.

МӘМС қатысушылары не дейді?

Қан тамыры варикозына шалдыққаныма біраз жыл болды. Ауруым жаныма батқан соң аудан ауруханасына қаралдым, аяғымның қантамырына ота жасау керектігін айтты, тиісті сараптамаларды тапсырып, Ақтөбе медициналық орталығына жолдама берілді. Қан-тамыр хирургиясының дәрігерлері дер кезінде ота жасап, аяғыма жан кірді. Түсінгенім, уақыт өткізбей өз кезегінде мамандарға қаралу керек екен. Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Бүгінгі күні құны қымбат тұратын ем алу мүмкүндігі сақтандырылған әрбір азаматқа қолжетімді екенін айтқым келеді.

-МӘМС – тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. МӘМС пакеті арқылы күрделі операцияларды жасатуға болады. Сақтандырылған тұрғындар бағасы қымбат болып келетін, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызмет түрлерін қажетінше пайдалана алады.

-Көзімнің көруі күннен күнге нашарлай бастады, аудан ауруханасына барып қаралдым. «Глаукома» деген диагноз қойылды, Ақтөбе қаласына тереңдетілген тексеруден өтуге жолдама берілді. Клиникада қайта тексерулерден өтіп, сол жақ көзіме ота жасаттым. Қазір көзім қалпына келді. Барлық талдауларды тегін өттім, көзге отаны МӘМС бойынша — сақтандырылған болғандықтан, жолдама арқылы жеке клиникада тегін жасаттым.

— Маусым айында скринингтік тексеруден өткенде, сүт безінің қатерлі ісігіне күдік байқалып, аудандық аурухана дәрігерлері маған облысқа жолдама берді. Жолдамамен Ақтөбе қаласына барып, қайтадан маммографиялық рентгеннен, ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, онкомаммолог дәрігерге қаралдым. Ауру расталып, сүт безіме ота жасалды. Ауруханада алынған тексерулер қорытындысы жақсы нәтиже беріп, жергілікті жерге бақылауға жолдады. Сөйтіп, скринингтің көмегімен ауруым ерте анықталып, қауіпті дерттің алдын алдым.

— Көп адамдар құны қымбат медициналық қызметтерді тегін алуға болатынын біле бермейді. Мәселен, ауылда тұратын бір апайым іш қуысы қатты ауырып, өзінің учаскелік дәріге-ріне қаралады. Дәрігер науқасты мұқият тыңдап, МРТ-ғ а түсу қажет екенін айтады. Ақтөбе қаласының емханасына МРТ-дан өтуге жолдама береді. Науқас тексеруден өтіп, МРТ қорытындысын қараған дәрігер дереу құжаттарды рәсімдеп, облыстық ауруханада ота жасатуға жіберді.

-Бауырымда эхинокок кистасы бар екен. Дәрігер ота жасатпаса болмайтынын айтты. Мен бала күтімімен үйде отырған анамын, жұмыс жасамаймын. Сондықтан әлеуметтік топқа жатамын, яғни жарнаны мен үшін мемлекет төлейді. МӘМС жүйесі арқылы құны қымбат қызметтерді тегін алдым. Осыны ауыл тұрғындары білсе екен деймін.

-Бүгінде мемлекетімізде денсаулық саласына жіті көңіл бөлінуде. Айталық, бүгінде мен тіркеуде тұрған аудандық аурухана заманауи медициналық құрылғылармен қамтылған. Ал ауруханада жоқ тексеруге қажетті құрылғыларға түсу үшін облыс орталығындағы үлкен ауруханаларға тегін жолдама беріледі. Маған биыл денсаулығыма байланысты ІІІ топ мүгедектігі берілді. Бүгінде МӘМС жарнасын төлемеймін. Барлық медициналық қызметтер тегін беріледі. Бұл маған үлкен көмек болды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысына онкологиялық ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін 2 медициналық кешен әкелінді

admin_mugalzhar

Қазақстан такси бағасы ең қымбат елдердің қатарына кірді

admin_mugalzhar

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.