«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС: ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудан әкімдігінде өткен аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, кеңес төрағасы Нұрлан Сейткамалов пен кеңес мүшелері және бөлім басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Төлеулі Махимов «Азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты негіздері туралы» баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Қоғамдық кеңестің функцияларын атқаратын жергілікті қоғамдастық жиналыстары туралы мәселе көтеріп, Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып, қоғамдық кеңестер екі деңгейде, яғни республикалық және жергілікті деңгейде құралатынын баяндады.


Жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі. Бұның бәрі Қоғамдық кеңестер туралы заңда көрсетілген. Жергілікті қоғамдастық мүшесі әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасы аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген, кәмелеттік жасқа толған адам болуы керек. Жергілікті қоғамдастық жиынында қоғамдастық мүшесі 25 адамнан кем емес жиналып, жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді тыңдап, талқылып, олардың іске асырылуын айқындайды. Сонымен бірге жергілікті қоғамдастық жиынын округ әкімдері шақырады. Жиын шақыру үшін кем дегенде қоғамдастық мүшелерінің 10 пайызы қол қойып, аудан әкіміне жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті, — деді кеңес хатшысы.
Сондай-ақ ол жергілікті қоғамдастық жиындарын ұйымдастыру әкімдіктің міндеті екенін, жиын өткізудің тәртібі, заңдылығы, жиында қаралатын мәселелер туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екінші болып мінберге көтерілген қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Сейткамалов аудандық кеңестің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы туралы және 2024 жылға арналған міндет-мақсаттары туралы баяндама жасады. Оның ішінде Қандыағаш-Ақтөбе арасындағы жолаушы тасымалымен айналысатын такси қызметі мен аудан орталығындағы күн тәртібінен түспей тұрған, қоғамдық кеңесте тұрақты қаралып жүрген мұсылмандар қорымы және «орыс моласы» туралы мәселелерге тағы бір тоқталып, алдағы уақытта аталған мәселелердің шешімін табуы үшін жұмыстанатындарын жеткізді.


Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов қоғамдық кеңес мүшелеріне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы жылы атқарылған жұмыстары, келер жылға қойылған міндеттері туралы есеп берді.

Ұқсас ақпараттар

Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болуы мүмкін

admin_mugalzhar

Бүгін Көрісу күні

admin_mugalzhar

ГҮЛАЙЫМ МЕН АДЕЛЬ — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.