«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК: КӘСІПКЕРЛЕР МЕМОРАНДУМҒА ОТЫРУДА

Жаңа жылда елімізде біршама өзгерістердің орын алғаны белгілі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш өсіп, зейнетақының көлемі артты. Осы аталғандармен бірге дүкен сөрелеріндегі азықтүлік бағаларының да шарықтап шығатыны жасырын емес. Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары хабарлады.

Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы саны 207 азық-түлік дүкені бар. Жергілікті жердегі мониторингтік топ мүшелері аталған дүкендерге аптасына бір мәрте мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен бірге барлық қала және ауылдық округтердегі азық-түлік дүкендерімен 2024 жылға меморандумға отыру үшін аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқановтың атынан хат жазылған.

Мониториг «FSMexpert» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Мониторингтік топ мүшелері облыстық басқармамен бекітілген Қандыағаш қаласында орналасқан 3 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын дүкендерге аптасына екі мәрте барып, бағаға бағдар жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету, бағаны тұрақтандыру мақсатында ауданда әр сенбі, жексенбі сайын ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке өткізіледі. Жыл басынан бері аудан орталығында 4 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде негізінен ет және сүт, көкөніс т.б. өнімдері халыққа нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылуда, — деді сектор меңгерушісі Азамат Жиенбай.

Мамандар дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасының қымбат болуының да себептерін атады. Олардың сөзінше, аудан кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын облыс орталығында орналасқан «Анвар», «Дина» көтерме сауда орталығы, «Ново-Альжан», «Айс» ЖШС-і,  41-ші разъездегі көтерме орындар мен орталық базардан өз көліктерімен немесе жалдамалы көлікпен тасымалдайды. Кәсіпкерлердің өз қаражаттарына тасымал жасауына байланысты, әкелінген тауар бағасы көтеріледі екен.

Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығындағы «Алдияр» наубайханасы облыстық тұрақтандыру қорынан 10 тонна арзандатылған ұн сатып алды. Бүгінде наубайхана иесі аудан аумағындағы дүкендерге нанды 95 теңгеден тапсырып отыр. Ал дүкендерде дәл осы нанның бір бөлкесі 100 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар наубайхана дүкендерге өздері өндірген макарон өнімдері мен жартылай фабрикаттарды арзан бағада тапсыруда, — деді ол.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР

admin_mugalzhar

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

admin_mugalzhar

Көгілдір отын — тұрғындар қуанышы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.