«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨНЕНІҢ КӨЗІ — АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі жанынан құрылған «Ата-аналар мектебі» жобасы және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында танымдық-мәдени шара өткізді.
Аталған шара аясында «Даналық дариясы» атты әжелер мен аналар клубының мүшелері К.Мәмбетова мен А.Саршолақова және 9 «Ә» сынып оқушылары Мұғалжар аудандық өлкетану музейіне барып, танымдық саяхат жасады. «Даналық дариясы» атты әжелер мен аналар клубының жетекшісі А.Жоламан аталған шараның мақсаты оқушыларды аудан тарихын және музей жедігерлерімен таныстыру, ұлттық құндылықтарды, дәстүрді насихаттау екенін айтады. Саяхат барысында ақ жаулықты әжелер өнегелі өмір тарихтарынан сыр шертіп, тәрбиелік мәні бар өсиеттер айтты. 84 жасқа келген Күлаш әже балаларға бата беріп, ризашылығын білдірді. Ал 9 “Ә”сынып оқушы Алдажар Кенжетай «Адай» күйін шебер орындап, жиналғандардың рухын көтеріп тастады.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

admin_mugalzhar

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар сараптамадан өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.