«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚЫП, ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған ІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының І облыстық кезеңі өтті.

Аталған байқауға аудан және қала мектептерінен оқушылар қатысты. Қатысушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып, қазылар алқасынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берді.
Байқауға қатысқан Ембі қалалық балалар кітапханасының оқырмандары Еркеназ Миржан мен Гүлшат Есенжол ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Байқау нәтижесі бойынша Еркежан Миржан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа қаулы шықты: коронавирус шектеулері алып тасталады

admin_mugalzhar

СЕНБІЛІК — ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МҰНАЙШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar