«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Биылғы Наурыз мейрамы жаңа форматта, яғни «Наурызнама» онкүндігі аясында тойлануда. Әр күнге атау беріліп, ел бойынша түрлі шаралар өткізілуде. Осыған орай бгін Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара өтті.
Шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен қала әкімі Талғат Өтемұратов, бөлім басшылары мен мектеп ұжымы және ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан Дархан Ермағанбетов ауданның барлық тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
Мектеп ауласына киіз үй құрылып, ұлттық нақышта безендіріліп, қазан асылды, дастархан қазақтың ұлттық тағамдарымен толтырылды. Мерекеде «Қазына» халықтық ансамблі әннен шашу шашты және аталмыш білім ордасының қызметкерлері мен оқушылары ән салып, жарапазан айтып, би билеп, домбырамен өнер көрсетті.

 

Ұқсас ақпараттар

Әділетті Ата Заң – қуатты мемлекет

admin_mugalzhar

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы қалай есептеледі

admin_mugalzhar

Жаңа туған 7 мыңнан астам сәбиге ЖСН берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.