«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҒЫЛШЫН КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан ағылшын тілі пәні қауымдастығы «KazAELT» орталығы мен Мұғалжар аудандық білім бөлімі бірлесе отырып Мұғалжар ауданының қала және ауылдық округ мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін 3 кезеңнен тұратын курс ұйымдастырды.

Бүгін Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ-де осы курстың ашылуы болды.
Аталмыш курсқа Қазақстан ағылшын тілі пәні қауымдастығы «KazAELT» орталығы 4000 фунт стерлинг грант бөлді. Бұл курсты ауданға қауымдастықтың жетекшісі, Қандыағаш қаласының тумасы әрі түлегі Әсия Жаңабай алып келді.
«13-17 мамыр аралығында болатын тренинг шалғай елді мекендерде жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Яғни, осы бөлінген гранттың ақысы, қаламыздың және аудан мектептерінің оқытушыларының біліктілігін арттыруға негізделген. Қазақстанның кез келген аймағындағы ауылдық өңірге бюджетті бөлу таңдауы берілді. Дегенмен мен Қандыағаштың тумасы ретінде, ұстаздық білім саласына салынған бұл инвестицияны туған жерімізге әкелгім келді», — деді Әсия Нұржанқызы.
Курсқа аудан бойынша жалпы саны 23 мұғалжарлық педагог қатысуда. «Ең үздік» деп танылған 5 педагогке қауымдастықтың ұйымдастыруымен Астанада өтетін конференцияға тегін жолдама беріледі.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА «АЛТЫН АЛҚАЛЫ» АНАЛАР КӨБЕЙДІ

admin_mugalzhar

ТАСҚЫН: 13 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

АҒАШ ТАМЫРЫМЕН, АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҚТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.