«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАСҚЫН: 13 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Ауданда тасқын судан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үйлер салынуда. Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Бірлік және Жағабұлақ ауылдарында жалпы саны 13 үйдің іргетасын құю үшін құрылыс материалдарының түсіріліп жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 8 үй және Бірлік ауылында 5 үй салынуда. Ал қалған тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін қаражатқа ауылдан және аудан орталығынан өздері тұратын үйлерін қарастыруда.
Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Боқашев бүгінде тұрғын үйлер салынатын жер нақтыланып, тегістеліп, іргетасын құю жұмыстарына дайындықтың басталып кеткенін айтты.
Жаңа үйлер «Жеңістің 40 жылдығы» көшесі бойына салынады. Бүгінде іргетас құюға қажетті құрылыс материалдары толығымен түсірілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізе-тін мекемелердің жұмысшылары ауылға келіп, орналасуда. Бірер күннен кейін жұмыстарын бастап кетуді жоспарлап отыр. Салынатын тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метр болады, — деді округ әкімі.
Ал Құмжарған ауылдық округінің әкім Қанағат Қалиев округ орталығы Бірлік ауылынан салынатын үйлердің жел телімдері дайын тұрғанын айтты. Жақын күндері құрылыс материалдары келеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі тасқын кезінде аудан бойынша 72 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зақым келген еді. Су тасқынынан зардап шеккен 72 үйдің иелеріне біржолғы төлемақы төленді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ҚАНДАЙ ФОРМАТТА ӨТЕДІ?

admin_mugalzhar

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Министерство по чрезвычайным ситуациям создано в Казахстане

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.