«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

Бұл инновациялық сервис интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді. ЕGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен үй интернетін қосу мүмкіндігін беретін жаңа сервис қосылмақшы. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұл инновациялық сервис «Ұлттық ақпараттық технологияла» АҚ-мен бірлесе әзірленді және азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы интернетті қосуға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді. Өтініш беру процесі операторларға автоматты түрде жіберіледі, сонымен қатар қажетті желілік инфрақұрылымның болуын тексеруді қамтиды.

«Қазіргі уақытта сервиске „Қазақтелеком“ АҚ байланыс операторы қосылған және жақын арада қазақстандықтарға тарифтердің барынша кең таңдауын қамтамасыз ету үшін басқа операторлар да қосылады»,- делінген хабарламада.

Өтініш бергеннен кейін өтініш нөмірі мен мәртені бақылау сілтемесі бар SMS жолданады.

Егер үйіңізде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағат ішінде хабарласады.

Интернетті қосу процесі әр азамат үшін барынша ыңғайлы және қарапайым болды. Сұрақтар туындаған жағдайда оператордың байланыс орталығына хабарласу қажет.

Ұқсас ақпараттар

АСТАНАЛАР: КЕШЕ және БҮГІН

admin_mugalzhar

35445 АДАМ ВАКЦИНА АЛСА, 18350 АДАМ РЕВАКЦИНАДАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында үздік атанды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.