«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАҒЫН ФУТБОЛ: АУЫСПАЛЫ КУБОК ӨТТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шағын футболдан Ауған соғысы ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің ауыспалы кубогі өтті.

Турнирге Қандыағаш, Ембі қалаларынан және Ащысай ауылынан 12 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша «Кофе хауз» командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы кубогке ие болды. ІІ орынды «Вчд4» командасы иеленді. Үздік үштіктен «Керемет» командасы көрінді. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің қорытындысы бойынша үздік атанған ойыншылар «Үздік ойыншы, «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы»,«Үздік қақпашы» номинацияларына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз пәтерден табылды

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген түріктің ұлттық музыкалық аспабын сыйға алды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы елімізде алғаш болып IT-медицинаны дамытады

admin_mugalzhar