«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз пәтерден табылды

Ақтөбеде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

Бұған дейін Ақтөбеде үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер іздеді.

Іздеу шаралары барысында үш қыз пәтерден табылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздар Ақтөбе полиция бөлімшесінде.

Ұқсас ақпараттар

Биыл Ақтөбе облысының 15 ауылына модульді ветеринарлық пункт орнатылады

admin_mugalzhar

Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

admin_mugalzhar

Қазақстандағы АЭС салу: Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс немесе экологиялық тәуекел

admin_mugalzhar