«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДАСТАН ӘСКЕРГЕ БАРЫП ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Алматы облысы, Қаракемер ауылындағы 6654 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген жерлесіміз Дастан Бақтияров әскерде өзін жоғары деңгейде көрсетіп, жоғары ұпай жинап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін грантқа ие болды.

20 жастағы Дастан Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжін аяқтап, өткен жылы көктемде әскерге аттанған болатын. Бұл ел Президентінің жастарды әскери қызметке ынталандыру жөніндегі тапсырмасы негізінде қолға алынған.

Мұндай жеңілдіктер әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға беріледі. Бұдан бөлек, әскерге барып келгендерге де біраз жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу, ЖОО әскери кафедрасында тегін оқу және әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсуге мүмкіндіктері бар.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде жақсы өзгерістер жасалып жатыр: Мемлекет басшысы жетістіктерге тоқталды

admin_mugalzhar

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ҚАДАМ

admin_mugalzhar

Президент тапсырмасы бойынша Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.