«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАЛ ШЫҒЫНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Аудандағы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылар мен шаруа қожалық иелеріне шығын болған төрт түлік малдары үшін өтемақы төленді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше ауданда мал шығыны бойынша 8 шаруа қожалық иесі мен 5 жеке тұлғаға барлығы 33 бас ірі қара, 4 бас жылқы және 12 бас қойға 14 млн 800 мың теңге төленді.

Бұған дейін су тасқыны салдарын жою жөніндегі аудандық штаб мүшелері тарапынан су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың төрт түлік малдарын есептеп, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕК: НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ГАЗИФИКАЦИЯ: ГОЛУБОЕ ТОПЛИВО ПРИДЕТ В ЖУРЫН

admin_mugalzhar

Ескі жылдың есебі және жаңа жылға жаңа міндет

admin_mugalzhar