«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСТЫ МІНДЕТ — ҚЫЗМЕТКЕ ЖАУАПТЫ ҚАРАУ

Жеңіс ӘБДІРАХМАН, Ембі қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы: 

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін бірінші жағымды мінез-құлық керек. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы керек.

Мемлекеттік қызметші әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынуы қажет. Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өз ойын дұрыс және дәлелді түрде баяндау, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсетуі тиіс екендігі мемлекеттік қызметшінің әдеп кодекстерінде де көрсетілген.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

8342 ОҚУШЫ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚИДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ЖЫЛҚЫСЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ

admin_mugalzhar

МОНИТОРИНГТІК ТОП БАҒАҒА БАҒДАР ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.