«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҮГІНДЕ КӨП НӘРСЕ ОҢТАЙЛАНДЫ

Гүлсім БІРЖАНОВА, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы: 

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін тек біздің аудан ғана емес ел бойынша тоқырауды бастан кешіргеніміз рас. Ол кезде барлық салада жағдай өте қиын болды. Мен ол кезде аудандық экономика бөлімінде қызмет атқардым. Аудан бюджетінде мемлекеттік қызметшілерге беретін жалақы қоры болмады. Айлықтарын тауар, азық-түлік ретінде беріп отырған күндер болды. Дүкен сөрелері босап қалып, талонмен беретін уақытты да өткіздік. Осы жұмыстың барлығын аудандық экономика бөлімінің қызметкерлері атқарды. Одан кейін ақша өзгеріп, төл теңгеміз шықты. Сол уақытта да ақша айырбастау жұмыстарын атқарып, елге қызмет көрсеттік. Ол уақытта компьютер деген болмады. Болса да бірен-сараң болатын. Құжаттарды терім машинкасымен жазатынбыз. Бір қате кетсе, бәрін қайта жасауға тура келетін. Ал бүгінде электроника дамыды. Жұмысымыз барынша жеңілдеді. Аудан экономикасы жоғары деңгейге көтерілді. Бұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Бүгінде қарап отырсам, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келе жатқаныма 33 жыл болыпты. Әрине аз уақыт емес. Мемлекеттік қызметте жүріп, қиын да, қызықты кезеңді бастан кешірдік. Бұл қызметті абыройлы атқару үшін адамға үлкен жауапкершілік керек. Сонымен бірге елінің де патриоты болуы шарт. Барша адаммен жұмыс жасау оңай емес. Шыдамды болған абзал. Соңымнан ерген жастар қызметтеріне адал, жұмыстарына жауапты болса екен деймін.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

 

Ұқсас ақпараттар

ЕКПЕ – ДАУА ДЕРТКЕ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar

НҰРТАС ӘЖБЕНОВ: «ӘРБІР ЖЕҢІС СЫНАҚПЕН КЕЛЕДІ»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.