«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Ақкемер ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылында (бұрынғы Восток ауылы) мал шалынып, құдайы садақа берілді. Бұл игі бастамаға бұрынғы ауыл тұрғындарының балалары, немерелері қолдау білдіріп, атсалысты.

Сонау Кеңес заманы кезінде 1932 жылы құрылған “Пролетар” совхозының “Восток” бөлімшесінде тұрып, еңбек еткендердің бірқатары бұл күні арнайы келіп, шараға қатысып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Ақсақалдар дастархан басында ауыл туралы тарихи деректермен бөлісіп, ата-бабаларға құран бағыштады.

100 жылға жақын тарихы бар «Восток» ауылында туып-өскен, осы жерде еңбек еткен бірқатар жандарды атап өту қажет деп білемін. Себебі ауылдағы өскелең ұрпақ бұл адамдарды білсе, осы арқылы туған өлкелерінің тарихынан да хабардар болады. Сонымен осы ауылда туып-өсіп, еңбек еткендердің қатарында бөлімшенің кассир-есепшісі Айдарбек Брімжаров, қойма меңгерушісі Аманжол Жұмабаев, зоотехниктер Мырзағалит Шабаров пен Құланбай Жұмабаев бар. Сонымен қатар агрономдар Тоқсанбай Жұмабаевпен Жұмаш Қарағұлов, педагог Убайдулла Ахметовтер осында еңбек етсе, шопандар әулеттерінен — Төлеген Кушкенов, Балхашбай Боранқұлов, Жалғас Жупкалиев, Рысқұл Сексенбаев, Мұрат Жаманғарин, Мұхамбетжан Әжіғұлов, Бимұхамбет Мұхамбеталин, Онайбек Хаусов, Абдрахман Узденов, Райымбек Жомартбаев, Қанат және Рүстем Мұқановтар ауыл шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосқанжандар. Ал көлік жүргізушілері мен механизаторлар — Шайхы Иманғазин, ағайынды Уразовтар Сақым мен Қасым, Аманжол Амангелді, Ұзақбай Казиев, Болаш Қарағұлов, Құттық Тәжібаев, Сағындық Шалқарбаев, Антон Блюменштейн, Анатолий Квашнин, Амангелді Даулетов, Боташ Қарағұлов, Николай Кереев, Мақсот Брімжаров, Елтай Сексенбаев, Жанұзақ Жұмабаев, Альбек Уразов, Мырзағали Кәрібаев, Жұмаш Жупкалиев, Смайылбек Жомартбаев, Басен Шалқарбаев, Қуанышқали Кәрібаев, Еркімбай Боранқұлов, Нұрлан Иманғазин осы жерде ұзақ жылдар бойы тер төккен. Сондай-ақ «Восток» бөлімшесін әр жылдары Қаракөз Абдраманов, Данаш Қарағұлов, ЖалетСыдықов, Абдрахман Узденов, Тоқсанбай Жұмабаевтардың басқарғанын да айта кету керек, — деді осы жердің тумасы Аманжол Жұмабаевтың немересі, Мұғалжар аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева.

1990 жылы бөлімшенің жабылуына байланысты аталған жандар басқа жұмыстарға ауысып, өзге жақтарға қоныс аударған. Десе де ауыл тұрғындары әлі күнге дейін бір үйдің баласындай тығыз байланыста. Бұған бүгінгі өткен шара да дәлел бола алады. Шара барысында ұйымдастырушы жастар Нұрлан Қарағұлов, Серік Тәжібаев, Ғани Кәрібаев, Бекболат Кушкенов, Алшораз Уразов, Ғалым Карибаев, Жасағанберген Жұмабаев, Ерлан Иманғазин, Жанболат Асанов және Жанас Жомартбаевтарға ауылдағы үлкендер атынан Алғыс хаттар табысталып, иықтарына, шапан жабылды.

Ұқсас ақпараттар

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ЖАРЫҚ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.