«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Алпамыс батыр ескерткіші алаңында домбыра күніне арналған “Домбыра — асыл мұра” тақырыбында мерекелік шара өтті.
Өскелең ұрпақты қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу мақсатында өткен мерекелік шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, “Қазына” ансамблі, А.Жұбанов атындағы саз мектебінің ұжымы, оқушылар және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтың мерекелік құттықтау сөзімен бастау алған ұлттық мұраларымызды насихаттауға арналған мерекелік шара өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 15 ӨЗЕНДЕ МҰЗ ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar