Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мамандары хабарлады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы саны 200-ден астам азық-түлік дүкені бар. Жергілікті жердегі мониторингтік топ мүшелері аталған дүкендерге айына екі мәрте мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен бірге барлық қала және ауылдық округтердегі азық-түлік дүкендерімен 2024 жылға меморандумға отыру үшін аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратовтың атынан хат жазылған.
— Мониторинг «FSMex-pert» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде жүргізіледі. Мониторингтік топ мүшелері облыстық басқармамен бекітілген Қандыағаш қаласында орналасқан 3 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылатын дүкендерге аптасына екі мәрте барып, бағаға бағдар жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету, бағаны тұрақтандыру мақсатында ауданда әр сенбі, жексенбі сайын ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке өткізіледі. Жыл басынан бері аудан орталығында 4 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде негізінен ет және сүт, көкөніс т.б. өнімдері халыққа нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылуда, — деді ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бө-лімінің сектор меңгерушісі Нұрсұлтан Тайтақов.