«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРАКӨЛДЕ МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінгі таңда Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округінің орталығы Қаракөл ауылында мәдениет үйі мен ауыл мектебі мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Құрылысшылар құрылыс жұмыстары барысында өткен ғасырдың 50-70-ші жылдары салынған ғимараттардың бастапқы сәулеті сақталатынын айтады.

Себебі Қаракөл ауылындағы мәдениет үйі1972 жылыерекше сәулет өнерімен салынған. Қабырғасы қалың, терезелері үлкен, жүздеген көрерменге арналған еңселі ғимарат – елді мекендегі басты нысандардың бірі. Сондықтан күрделі жөндеу жүргізіп жатқан мердігерлерге бастапқысәулетіненұқсанкелтірмеу туралы талап қойылған. Ал сыртқы келбетін өзгертуге қатысты мәселе әлі шешілмеген.

Ауылдағы мәдениет үйін жөндеуге бюджеттен 219 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Еркен» ЖШС-і өкілдері құрылыс жұмыстарын келісімшарт бойынша 7 ай көлемінде аяқтап беруі тиіс. Бүгінде нысанның төбесіндегі гипстер алынып, қабырғалары тегістеліп сылануда. Шатыры, есігі, терезелері, едендері жаңартылып, электр, жылу жүйелері толық жабдықталатынболады, — деді ауыл әкімі Ләззат Бердібаева.

Ауылда жөнделіп жатқан ғимараттың бірі – АхметЖұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп. Талай шәкірт тәрбиелеген білім ұясының іргетасы 60 жыл бұрын, яғни 1962 жылы қаланған. Осы күнге дейін бұл мектепке тек қана ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып келген. Ал биыл мектептің екі оқу ғимараты мен қоса интернатыда жаңартылуда. Қабырғалары қосымша кірпішпен көтеріліп жаңа шатыр салынады. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары үшін бюджеттен 244 млн 788 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ахмет Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Гүлжанат Жақсыбаева мектепті жөндеу жұмыстарын «КварцСпецСервис» ЖШС-і жүргізіп жатқанын жеткізді.

Бүгінде мектеп ғимаратының бірінші корпусы жөнделуде. Балалар қыркүйек айында осы корпуста оқиды. Ал екінші корпус пен интернат орналасқан ғимаратты осы жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтап беру қажет. Бүгінде 3 бригададан құралған 19 адам құрылыс басында қарқынды жұмыс жасауда. Құрылыс материалдары да уақытылы жеткізіліпотыр. Бірінші корпустың төбесінің ағаштары салынып, шатырдың келуін күтіп отырмыз. Ал ішкі жұмыстарына келетін болсақ, мектептің ішкі қабырғаларындағы ескі боялаулар мен еденнің ескі ағаш жабындысы алынып, толық тазартылды. Ішін құммен толтыру және тегістеу жұмыстары жүргізіліп, цемент-телді. Сонымен қатар электр желісі де жабдықталып жатыр, — деді мектеп директоры Гүлжанат Шәмелқызы.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

 

Ұқсас ақпараттар

АТА ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП…

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ МЕН ҚАРАКӨЛГЕ САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.