«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – елдегі басты мәселенің бірі. Инклюзия ұғымы кең, тек мектептегі ерекше білім беру форматымен ғана шектелмейді.

Барлық жерде өмір, теңдік адамзатқа бірдей берілген ұғым екенін қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да қолайлы орта туғызуды көздейді. Сондықтан мұндай жандар қоғамнан мүлдем оқшауланып қалмауы тиіс. Осы орайда «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамының Мұғалжар аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Умарованың ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Мансап орталығының маманы Назгүл Қуандықова мен психология ғалымдарының магистрі Жанар Жұмаханқызы қатысты. Жиында мүмкіндігі шектеулі жандар өзара ойларымен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарын келген мамандарға қойып, тұщымды жауаптарын ала алды. Сонымен қатар Мансап орталығынан келген маман қайтарымсыз грант, оқу-курстары мен жұмысқа орналасу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жасады. Ал психолог маман тренинг және түрлі креативті ойындар өткізді.

Ұқсас ақпараттар

Киберқауіпсіздік басты орында

admin_mugalzhar

ЖАҢАДАН 21 ҮЙ САЛЫНАДЫ

admin_mugalzhar

17 маусым — жұмыс күні: қазақстандықтар Құрбан айтқа орай демалмайтын болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.