Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша Ембі қаласында инватакси қызметі жұмысын бастады.
Инватакси — мүгедектігі бар адамдар күнделікті пайдаланатын сұранысқа ие қызметтердің бірі. Ерекше күтімді қажет ететін инватакси қызметі ембіліктер үшін аса қажет.
Инватакси қызметтері бірінші кезекте тірек қимыл аппараты бұзылған, жүріп-тұруы қиын 1,2 топтағы мүгедектігі бар жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдарға жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектігі бар адамдарға (кресло-арбаға таңылғандар, 1,2 топ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар) инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібінде көрсетіледі.
Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.
Инватакси қызметтері мүгедектігі бар адамның жұмыс орны, мүгедектігі бар адамның оқу орны, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, прокуратура, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, заң консультациялары, нотариус, медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда), темір жол вокзалдары, автовокзалдар, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мекемелерге баруына тегін қызметін көрсетеді.
Аталған қызметке көрсетілген ұялы байланыс телефондары арқылы: 8 702 904 5419; 8 777 516 7979 хабарласып, өтінім беруге болады.