«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Сағашилі-Талдысай» бағытындағы жолдың жөндеу жұмыстары биыл аяқталады

Қазіргі таңда аудандық маңызы бар автомобиль жолды жөндеу жұмыстары екі бағыттан да жүріп жатыр.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен барды. Сағашилі мен Талдысай ауылдарын байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмысымен танысты. Жолды жөндеу облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында жүзеге асырылуда.

Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Өтеулиннің сөзінше, жобаға 768,7 млн тг бөлінген. Былтыр тасжолды жөндеуге кіріскен «САБ-Дор Сервис» компаниясы жұмыстарды жыл соңында аяқтаймыз деп жоспарлапты.

Мердігерлермен кездескен өңір басшысы бұл жолдың маңыздылығын, оны тұрғындар асыға күтіп отырғанын айтты. Құрылысшылардың алдына жұмыстардың сапалы орындалуы мен мерзімінің сақталуына қатысты міндет қойды. Қазан айында тас жол пайдалануға берілуі тиіс.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

САНАҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ: 20529 НЫСАН, 68671 АДАМ

admin_mugalzhar

КООПЕРАТИВ ҚҰРУДЫ АРМАНДАЙТЫН ҚОЖАЛЫҚ ИЕСІ

admin_mugalzhar