«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тамыз айының соңына дейін Қандыағаш айналма жолы ашылады

Бұл туралы «Қазавтожол» АҚ Ақтөбе филиаланың басшысы Айбол Данағұл облыс әкіміне жолдағы құрылыс жұмыстарын таныстыру барысында хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 52-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі учаскені қайта жаңарту аясында жүзеге асырылуда. Мердігер компания — «Ассана ДорСтрой» ЖШС.

Жолшылар тамыз айының соңында Қандыағаш қаласын айналып өтетін жол қозғалысын ашуға уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта 16 км-ден 3,5 км асфальтбетон төсеу қалды.

Өңір басшысы қысқа мерзімде Қандыағаш айналма жолын ғана емес, қаланың кіреберіс жолын да аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Асхат Шахаров «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесін қайта құру жобасын сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Ұзындығы 100 шақырымды құрайтын төрт жолақты жол биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР БІРЖЫЛДА 101 198 107 кВт ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНАДЫ

admin_mugalzhar