«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ САЛЫНУДА

«АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САҒА АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Аталған нысан Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарда денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде салынуда. Округ әкімі Мейрамбек Боқашев құрылыс жұмыстарын «Бәбек құрылыс» ЖШС-і жүргізіп жатқанын айтты.

-Бүгінде Саға ауылында 500-ден аса тұрғын, 100-ге жуық үй бар. Ауылда туу көрсеткіші де жаман емес. Сол себепті ауылдың әлеуетін арттыру – маңызды. Бүгінде бой көтеріп жатқан медициналық нысанның құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге медициналық пункттің ізі барлық қажетті құралдармен жабдықталатын болады, — деді округ әкімі.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Мұғалімдер мерейі

admin_mugalzhar

Әділетті Қазақстанды құру процесін енді ешкім тоқтата алмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

admin_mugalzhar

Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

admin_mugalzhar