«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС САЛУ ЕЛІМІЗГЕ ТИІМДІ

Қазір біздің елде атом энергетикасын дамыту мәселесі жұртшылық арасында кеңінен талқыланып жатқан өте маңызды мәселенің бірі болып отыр. Себебі, электр энергиясының тапшылығына байланысты тапшылық жыл санап артып барады. Бұл түптеп келгенде, елімізді энергиялық тәуелділікке алып келуі мүмкін. Осы саладағы ғалымдар мен мамандардың айтуынша, таяу 10 жылда электр энергиясының тапшылығы 10 пайызға дейін жетуі мүмкін. Бұл әрбір жеке тұрғын үйлерді жарықсыз қалдырумен бірге, елдегі бірқатар зауыт-фабрикалардың толық қуатында жұмыс істеуіне кері әсерін тигізбек.

Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында баса назар аударғаны белгілі. Сондықтан, атом энергетикасын дамытуға жіті назар аударудың қажеттілігі туындап отыр.

Бұл туралы Президент: «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр» деп атап өтті.
Атом — үздіксіз энергия көзі. Сондықтан Қазақстанда атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Жерлестерімді осы маңызды науқанға қатысуға шақырамын.

Шамшат Абдірзақов, Мұғалжар аудандық қоғамдық кеңес мүшесі.

Ұқсас ақпараттар

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ БАРА МА?

admin_mugalzhar

Балаларға қандай тексерулер жүргізіледі?

admin_mugalzhar

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӨЗЕКТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.