«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бар жанарды жаулаған — Жайдарман

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және Мұғалжар ауданына 20 жыл, Қандығаш қаласының 50 жылдығына орай,  «Туған күн» атты тақырыпта Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжі директорының ауыспалы кубогі үшін «Жайдарман» ойыны өтті.

Астарлы әзілменен тұшымды ой салған әзілкештер сайысында 9 команда өнер көрсетті. Тартысты сайыс қорытындысымен, I орынды Қандыағаш қаласы №5 орта мектебі «Таза қазақтар» тобы, II орынды Қандыағаш қаласы №2 орта мектебінің «Лайк» тобы, III орынды Ембі қаласы №7 орта мектебінің «Келе жатыр» жайдарман тобы иеленді. Ынталандыру сыйлығы Сағашилі орта мектебінің жайдарманшыларына бұйырды. Сондай-ақ, Ембі қызмет көрсету көп салалы колледжінің «Жайдарман» тобынан Бидаш Еламан үздік ойыншы деп танылды. Әзіл сайысында бақ сынаған жеңімпаз командалар ақшалай сыйлық және алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі командаларға тиісті марапатты Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің атқарушы директоры Фарида Сарышева табыстады. Сонымен қатар, аталмыш шара барысында 112 жас студенттер қатарына қабылданды.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

 

 

Ұқсас ақпараттар

30 ЖЫЛ ӘРІПТІ ҚОЛМЕН ТЕРГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

Депутаты Мугалжарского раймаслихата избрали акима сельского округа им. К.Жубанова

admin_mugalzhar

ҚАУІПТІ ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.