«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛІМІЗДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАҒЫ БІР ТІЛДІ БІЛУГЕ МІНДЕТТЕЛДІ

Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді. 
Оның айтуынша, ишарат тілін білу полиция қызметкерлеріне есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектесу кезінде және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге көмектеседі.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі қиын немесе қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан біздің барлық патрульдік полиция қызметкері адамға қолдау және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды меңгереді. Бұл – жай ғана ресмилік емес, адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды, – деді Шыңғыс Әлекешев.
Оның айтуынша, әрбір патрульдік қызметкер «Уайымдамаңыз, полиция сізбен бірге, біз сізге көмектесеміз» деген сөздерді қимылмен көрсетуді білуі керек.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ: ОҚУШЫ САНЫ АЗ, МАМАН ТАПШЫ, АХУАЛ АЛАҢДАТАДЫ

admin_mugalzhar

Теміржол көлігін дамыту: тасымалдау сапасын және халыққа қолжетімділікті арттыру

admin_mugalzhar

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.