«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АСТАНАЛЫҚТАРҒА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДАН — АРНАЙЫ ДӘМ

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Бас қалаға өз өнімдерін бірінші болып апарғандардың ішінде мұғалжарлық шаруалар да бар.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы бас қалада өткен жәрмеңкеге Ембі қаласынан, Ақкемер, Ащысай, Еңбек, Егіндібұлақ, Жұрын, Қайыңды, Қ.Жұбанов, Құмсай, Мұғалжар, Талдысай ауылдық округтерінен 6 бас жылқы, 12 бас ірі қара, 10 бас қой еттері апарылғанын жеткізді.

— Біз аудан бойынша 3,3 тонна жылқы етін, 2,4 тонна сиыр етін, 1 тонна қой етін апардық. Ет өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада саттық. Жәрмеңкеге келген астаналықтар біз апарған еттерді ұнатып, толығымен сатып алды, — деді бөлім басшысы Бауыржан Жолмағамбетов.

 Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбенің туристік әлеуеті артады

admin_mugalzhar

Асхат Аймағамбетов: жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді сақтап, заман талабына сай нормаларды бекітеді

admin_mugalzhar

ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНА ҚАЙТА БАРҒЫМ КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar