«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР «КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Ақтөбе қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Лайықты еңбек жылына» арналған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы — 2024» облыстық турнирі өтті.

Турнирге Мұғалжар ауданынан білім саласында еңбек ететін ұстаздар қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша 90 келі салмаққа дейінгі сайыста Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің оқытушысы Нұрмаш Ауданбай жеңімпаз атанды.

№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Темірлан Боранғалиев жүлделі ІІ орынды иеленді. 90 келіден жоғары салмақта Қандыағаш қалалық мектептен тыс №1 аула клубының оқытушысы Жангелді Айтжан жеңіске жетті.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанған ұстаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы белдіктермен марапатталды. Облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған Нұрмаш Ауданбай мен Жангелді Айтжан Тараз қаласында өтетін республикалық турнирде Ақтөбе облысының намысын қорғайды.

Ұқсас ақпараттар

4500 ТҰРҒЫН ҚАЛАІШІЛІК АВТОБУС ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНАДЫ

admin_mugalzhar

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Желтоқсан айында «Тіл-қазына» мобильді қосымшасы жарық көреді

admin_mugalzhar