«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен Мұғалжар ауданының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ІІІ тоқсандағы отырысы өтті.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдарында кәмелет жасқа толмағандармен жасөспірімдер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында буллингтің профилактикасы, сабақтан тыс уақытта, демалыс кезеңінде бос уақытын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Жауапты мекеме басшылары мен мамандары атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар отырыста жолдар және теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардың авариялық жағдайлары туралы аудандық полиция бөлімі, Қандыағаш желілік полиция бөлімімен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Дархан Жанысханұлы тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ВАШИ ПОДВИГИ В ПЕСНЯХ ВОСПЕТЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

admin_mugalzhar

КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.