«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЭС: ҚОРҚЫНЫШ және КҮДІК

Елдің өндірісі дамыған сайын энергияға тәуелділік арта бермегі ақиқат. Қазақстанның қазіргі ірілі — ұсақты 200-ден астам қуат көздері қажетті сұранысты жыл өткен сайын қамти алмай отырғанын білеміз. Ал электр станциялары болғанымен олардың бәрі Солтүстік өңірде орналасқандықтан, оңтүстікте энергияға деген тапшылық уақыт өткен сайын қиындап келе жатқаны рас.

Энергия құрылғыларының бәрі табиғи отын – мұнай мен газға, көмірге тәуелді. Кеңбайтақ қазақжерібұл табиғи отынға бай болғанымен оның да шегі бар. Оның қорын сорғанымызға да 80 жылдан асып бара жатқанын ескерсек, қиындықтың басы басталғалы қашан. Ендігі 5-10 жылда әуелі газ тапшылығы, оданкейінмұнайтапшылығы, көмірдің азаюы энергияның басқа баламаларын іздестіруге мәжбүретеді. Бұнымамандармен ғалымдардың халыққа айтып түсіндіруінде кемдік жоқ. Бүгінде Қазақстан қомақты энергияны Ресейден, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан және Тәжікстаннан тасымалдайтынынжұрт білеме екен?! Бұл деген ел үшін үлкен тәуелділік. Осы орайда, «келешек энергия көзінің тетігі қайда» деген ізденіс сұрақтың туындағанына да 30 жылдай болды емес пе?

Жалпы АЭС салу мәселесі ондаған жылдардан бері дүркіндүркін сөз болып келе жатқанынан хабардармыз. Алғаш бұл әңгіме 1990 жылдары басталып, 2000 жылдың басында және 2011 жылы біршама талқыға түскені бар. Бүгіндері бұл мемлекет басшысының қозғауымен 2-3 жылдан бері шешімін табатын мәселе болып келеді. Бірақ пендешілікпен айтсақ, «жер асты отын көздеріміз бола тұра АЭС салу қажеттілігі барма?», — деген сұрақ өзінен өзі туындайды. Оның үстіне халықты елеңдететін қорқыныш пен үрей, күдік пен сенімсіздік алаңдатады. Украинадағы Чернобыль, Жапониядағы Фукусима орасан зор апаттыжағдайды еске түсірсек, көкірегіңді қорқынышпен үрей билейтінін неге жасырайық. Бірақ келешек күттірмейді. Технологиялардың дамуына сай, энергиятапшылығынқамтамасыз етуде атом энергиясын игеру бүгінгі күннің сұрағы. Әңгіме негізіненАЭС-тің елімізге қажеттілігі. Оны салу, энергия көзін пайдаға асыру, қаржы мәселесі. Өндіріс орнынқорғаужәнекүзету, осының бәрі үлкенмәселеге тіреліп тұрған жоқ па? Сонымен қатар, бұрын соңды тұрақты дайындалмаған мамандар мәселесі тағы бар. Айта берсе, мазалайтын сұрақтар шаш етектен. Дегенмен қазіргі таңда, бұл маңызды шаруаны одан әрі соза беруге болмайтындығын халық та түсіну шегіне келген сияқты. Себебі күн сайын энергия тапшылығы артпаса кемімейді және уақыттан ұтылатынымызды да ойлау керек.

Қазіргі уақытта жер шарының 31 мемлекетінде 400-дей ядролық реакторлар жұмыс істейді екен. Оның көпшілігі Еуропада, Солтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда және бұрынғы Кеңес Одағының аумағында орналасқан. Реакторлар саны бойынша әлемдегі ең жетекші ел – АҚШ. Ондағы реакторлар саны – 93, одан кейінгі Францияда — 56, Қытайда – 54, Ресейде – 38, Жапонияда — 33, Оңтүстік Кореяда — 24, Үндістанда – 23 реактор жұмыс істейді. АЭС–тер құру жағынанҚытай, Үндістан, ОңтүстікКорея және Ресей алдыңғы орында. Кейбір елдерде электр энергиясын өндірудегіАЭС-тің үлесіжоғары. 13 елде бұл үлес 25 пайыздан асады. Соңғы 2-3 жылда АЭС салуды Белоруссия, Турция мемлекеті қолғаалды. Мысалы, 2023 жылдың қарашасында пайдалануға берілген Белорусь АЭС-нің №2 блогі елдің электр энергиясына деген қажеттілігін 40%-ға өтеп отыр. Соның нәтижесінде бұл елдегі ескі жәнетиімсіз элетростанцияларпайдаланудан шығарылған. Айтуға оңай.., бірақ пайдасы бар екені көрініп-ақ тұр.

Айта кету керек, АЭС салумәселесі жөнінде елімізде белсенді пікір алмасу жүріп жатыр. Мемлекет басшысының биылғы 2-ші қыркүйектегі халыққа Жолдауындағы тапсырысымен 6 қазанда бүкіл халықтық Референдум өтпек. Сондықтан да референдум қарсаңында пікір алмасу жалғасын табады деп ойлаймын. Ел бұл мәселеге қанықты жауаптар күтеді. Дегенмен қаншалықты АЭС-тің қорқынышы мен күдігі, үрейі мен салмақты сұрақтары басым болғанымен түбегейлі шешім алатын уақытқа келдік. Соңғы деректерге сай Қазақстанда салынатын АЭС 3-ші буын санаттағы, ең жоғары деңгейдегі реакторлар екен. Бұл құрылғының қауіпсіздігі жоғары және апатты жағдайда автоматты түрде тоқтатылып, реактор 3 тәулікте, яғни 72 сағатта салқындайтын көрінеді. Әрине, жоғарыда айтқандай, кадр мәселесіне де алаңдаушылық жоқ емес. Дегенмен бұл сұрақтың да алғашқы шешілу шарттары елімізде бар екен. Мысалы, Кургатов қаласында Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Ол жерде осы саланың білікті мамандары баршылық екен.

Сондай-ақ «Атомөнеркәсіп» компаниясында реактивті материалдармен жұмыс істей алатын көптеген мамандар бар. Алматыда 60 жылдан бері ядролық физика институты жұмыс істеп тұрғанын көпшілік біле ме екен? Көптеген академиктер мен профессорлардан құралған бұл мекеменің болашақ АЭС үшін білікті 400-ден аса мамандар даярлауға мүмкін-шілігі бар екен. Сонымен қатар еліміздегі ядролық отын өнді-ретін Ульбинск зауыты бар екенін ескерсек, АЭС салудың алғы шарттары көңілге қонымдырақ деп ойлаймын. Қазақ елі дамудан шет қалмауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда АЭС бізге қажет. Өйткені ол елді тұрақты, арзан энергиямен қамтамасыз етіп қоймай, отандық ғылым мен технологияны жаңа деңгейге көтереді. Шешім қабылдайтын уақыт келді. Олай болса, барша жерлестерімді 6 қазан күні Референдумға келіп таңдауларын жасауға шақырамын.

Аманкелді ШУНИМОВ, мемлекеттік қызметтің ардагері, Мұғалжар ауданының құрметті азаматы.

Ұқсас ақпараттар

«КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: 479 ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

57 МЫҢ КӘСІПКЕР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРМАҒАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.