«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДАУЫС БЕРУДЕ

Бүгін Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум басталды. Бұл саяси науқанға мұғалжарлықтар да қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Мұғалжарлықтар референдум учаскелерінің ашылуымен белсенділік танытып, учаскелерге келуде. Референдум учаскелерінің жұмысы ресми түрде еліміздің Гимнімен салтанатты түрде ашылды.

Жалпы аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде 46 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Онда 41 605 сайлаушы тіркелген.

Сайлаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін белгіленген учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасай алады.

Ұқсас ақпараттар

11 БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАН

admin_mugalzhar

Этносаралық диалогтың бірегей институты

admin_mugalzhar

Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

admin_mugalzhar