«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

eGov.kz сайтында жаңа қызмет пайда болды

Қазақстандықтар eGov.kz порталындағы «Автокөлік тарихы» сервисі арқылы автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексере алады, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, сервис пайдаланушыларға сатып алмас бұрын көлік тарихын тексеруге көмектеседі.

«Қызметті енгізу пайдаланушыға ықтимал сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар мәселелерден қорғайды. Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан автокөліктің мемлекеттік нөмірін және тіркеу нөмірін сұрау керек «, — делінген 2024 жылдың 8 қазанында таратылған хабарламада.

«Көлік тарихы» қызметі келесі ақпаратты ашады:

  • автомобильдің маркасы және шығарылған жылы;
  • қозғалтқыш көлемі, шанақ түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
  • автомобильдің Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы тіркелген күні;
  • иелерi туралы дербес деректер көрсетiлмей, автомобильдi қайта тiркеу күндерi бар бұрынғы иелердiң жалпы саны;
  • көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІЛІК САЯТШЫ ТАЗЫ ТҰҚЫМЫН «БРЕНД» ҚЫЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

admin_mugalzhar