«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ – ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛДЕРМЕН КҮРЕСУ

Бүгін Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында әлеуметтік түрлі мәселелерді қамтыған тәрбиелік мәні бар жиын өтті.
Аталған жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік кеселдер жөнінде айтқан сөзі арқау болды.


Облыс орталығынан арнайы келген Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Роман Рахиев, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрағасы Рауза Серғалина, «Мәміле» кездесу клубының жетекшісі Айнагүл Магзумова, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі, Астана аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжайнар Алашбаева Қандыағаш қаласындағы мектептердің директорларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, ата-аналар комитетінің төрағаларымен және олардың мүшелерімен, қамқоршылық кеңес құрамының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ауданға келген қонақтар бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі мен ҚХА хатшылығы «Салауатты сана» атты жобаның жасақталғанын айтып, жоба аясында бес әлеуметтік кеселмен күресу қажеттігін жеткізді.

Олар — нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, отбасы және әлеуметтік зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық. Осы аталған күрмеуі күрделі мәселелер бүгінгі жас ұрпақты теріс жолға түсіріп, ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқандығы да сөз болды. Сондай-ақ жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу баршаға ортақ екені айтылды.
Жиында көтерілген мәселелермен, талқыланған жайттарды газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына кредиттік өтінім беру мерзімі ұзартылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.