«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Өткен аптаның соңында Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының қол добы федерациясының тұңғыш президенті Есет Әміржановты еске алуға арналған қол добынан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат басталды.

Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Қарағанды, Қызылорда облыстарынан, Шымкент, Қандыағаш қалаларынан 6 команда қатысуда. Аталған шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және марқұм Есет Әміржановтың көзін көрген, қызметтес болған жандар қатысты.

Қол добынан КСРО спорт шебері, үздік жаттықтырушы Есет Әміржанов туралы тың мәліметтер айтылып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Есет Әміржанов 1948 жылы 1 тамызда Мұғалжар ауданы Родник ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын, 1986 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірсе, 1987 жылы Алматы теміржол транспорты инженерлік институтын тәмамдаған. 2007-2010 ж.ж. Мұғалжараудандықспортбөлімінің басшысы қызметін атқарған. Сол жылдары Қол добынан ҚР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы болып еңбек етті. Қол добынан КСРО спорт шебері. Ол өзінің еңбек жолында түрлі марапаттарға және «Ерен еңбегі үшін», «ҚРТәуелсіздігіне10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарының иегері. Оның шәкірттері 2 жыл қатарынан Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарды. Есет Ахметұлы 2014 жылы дүниеден өткен еді. Қол добынан өтіп жатқан шараның қорытындысы туралы газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ОҚЫРМАН ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ГАЗЕТ

admin_mugalzhar

Елена Рыбакина Australian Open чемпионатының финалына шықты

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.