«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

25 қазан — Республика күніне орай волейболдан 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында Қандыағаш МБЖСМ біріншілігі өтті.
Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесіп ұйымдастырумен өткен жарысқа Қандыағаш қаласынан, Жұрын, Мұғалжар және Қайыңды ауылдарынан 8 команда қатысты.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанды.ІІ орынды Қайыңды жалпы білім беретін орта мектебінің командасы иеленді. Үздік үштіктен Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің командасы көрінді.

Жеңімпаз бен жүллегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар үздік танылған ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталды.

#Республикакүні
#Ақтөбеспорт
#СпортЕлімніңБеделі

Ұқсас ақпараттар

ӘКЕМ — ӨМІРЛІК БОЙТҰМАРЫМ

admin_mugalzhar

Синоптиктер қашан күн салқындайтынын айтты

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.