«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫСЫН ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖАН

«ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ» БҮГІНГІ ҚОНАҒЫ ГҮЛМИЗА ҚАЛБЕКОВА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН ҚАТЕЛЕСПЕГЕН, ЖҰМЫСЫН ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНАН. ӘҢГІМЕ БАРЫСЫНДА ДА БҰЛ СӨЗІНІҢ РАСТЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗІП, ӨЗ МАМАНДЫҒЫНА БЕРІЛГЕН АДАМ ЕКЕНІН БАЙҚАДЫҚ.

Бірлік ауылының тумасы, бірақ өмірінің көп бөлігі Жағабұлақта өтіп жатқан жанның еңбек жолы да осы ауылдан бастау алған. Бала кезден ажалға араша тұратын ақ халатты абзал жан болуды армандаған жас қыз асқақ арманымен, таудай талабымен Ақтөбе медициналық колледжіне түсіп, «Балалар медбикесі» мамандығы бойынша бітіреді. Міне, сол 2002 жылдан бастап Жаңажол дәрігерлік амбулаториясында абыройлы еңбек етіп келеді.

Биыл осы жерде еңбек етіп жүргеніме 22 жыл болыпты. Қызығы мен қиындығы мол мамандығым өзіме ұнайды. Талай жақсы адамдармен әріптес атанып, жұмыстас болдым. Жалпы бұл салада кез келген адам жұмыс істей алмайды. Ең бастысы, өз ісіңді жақсы көріп қана қоймай, төзімді болуың да керек. Еңбек жолымда әртүрлі қызықтар да, қиындықтар да кездесті. Талай нәрсені көрдім, тәжірибе жинадым. Түйгенім де баршылық. Қызметте жүрген әр минут, әр сағат, әр күн мен үшін маңызды десем, артық айтқаным емес, — дейді ол.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халқымыз. Медбикенің дертіне дауа іздеген жанның жанына жалау болып, жауапты жұмысты атқаратыны белгілі. Осы жылдар ішінде төккен тер мен еткен еңбегі үшін кейіпкеріміз талай алғыс та арқалады.

Оған дәлел, бүгінде ақ халатты абзал жанды ауылдастары өте жақсы дәрігер ретінде біледі.

Ем-шара кабинетіндегі мейірбике міндеттерінің мүлтіксіз орындалуын, еңбекті ұйымдастыруды жақсартуға арналған шаралар, құжаттаманы жүргізу, ем тағайындау парағымен жұмыс жасау, дәрігерлік тағайындауларды сұрыптау, дәрідәрмектерді есепке алу және жұмсау туралы есеп жүргізуді жүзеге асыру жауапкершілігінің жүгі қашан да ауыр. Ал ең басты мақсат — адам денсаулығының сақшысы болу. Сондықтан жанына шипа іздеп келген жандардың аурудан емделіп шығуы жолында білім мен біліктілігімізді күшімізді аянбаймыз, — деп сөзін жалғады Гүлмиза Елубайқызы.

Өмірінің ширек ғасырға жуық уақытын медбикелікке арнаған жан өз міндетінің қанына сіңіп кеткенін де айтып өтті. Оның айтуынша, медбике – қандай жағдай болмасын, ең алдымен науқасты жылы қабақпен, мейірімменқарсыалуғатырысуыкерек. Ал медбикенің тікелей жұмысы – емдеуші дәрігердің науқасқа тағайындаған емдік шараларын мұқият орындау. Яғни, науқасқа қарап, күнделікті көңіл-күйін бақылап, дәрісін уақтылы қабылдауын реттестіріпотыратында – медбике. Сол жұмыстардыңбәрінорындапжүрген ол осы салаға келгеніне еш өкінбейтінін жеткізді.

Бала кезден арманым дәрігер болу еді, оның ішінде балалар медбикесі болғым келді. Себебі маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Жұмыс болған соң әрине, қиыншылықтар кездеседі. Мә-селен, балаларды тексеру барысында оларға екпе салғанда, олар жылап мазасызданғанда, баста қорқатынмын. Кейін уа-қыт өткен сайын үй-реніп, қиындықтар азая бастады. Жалпы адам өзі қалаған жұ-мыс жасағанда қиындықтарын ұмытып кетеді деп ойлаймын, — дейді ақ халатты абзал жан.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

МҰНАЙ — ГАЗ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов: Біз ардагерлерімізге Отанға деген сүйіспеншілігі мен батылдығы арқасында ұрпаққа сыйлаған бостандық пен бейбіт өмір үшін бас иеміз

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.