«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТУҒАН ЖЕРІМ ДЕЙТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ГАЗЕТ

Света АХМЕТОВА, Мұғалжар аудандық пошта байланыс торабы Ембі қалалық пошта байланыс бөлімшесі басшысының орынбасары: 

Бүгінде жазылым науқаны қызу жүруде. Бірақ, өкінішке орай, жыл өткен сайын халықтың газетке деген қызығушылығы төмендеп бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Десе де, мұғалжарлықтар аудандық «Мұғалжар» газетіне жазылғанды қалайды. Себебі аудан жаңалықтарын оқығанды жақсы көреді және оның жазылу бағасы өзге газеттерге қарағанда арзан.

Газетке жазылушылардың ішінде «ЗОЖ», «ДАТ», «Диапазон», «Жас Алаш» секілді газеттеріне сұраныс жоғары. Бүгінгідей интернет дамыған шақта оқырмандарды мерзімді басылымдарға жаздыру өте қиын. Себебі қолындағы ұялы телефонынан оқып алғанды жөн көреді. Бірақ газет-журналдарды арасында оқып тұрған абзалырақ. Оқырмандарды газет оқуға тарту үшін мектеп мұғалімдерімен байланыс орнатқан жөн секілді. Айталық, жасөспірімдер арасындағы мәселелер туралы, үздік оқушылары жөнінде, өткізген сабақтары турасында мақалаларын береді деп ойлаймын. Себебі мектеп мұғалімдері де журналистер секілді ағартушылық саласында еңбек етіп жатқан жандар.

Ал өзіме келетін болсам, мен аудандық газеттің тұрақты оқырманымен. Бұған менің поштада жұмыс жасағанымның ешқандай қатысы жоқ. Аудандық «Мұғалжар» газетінен көптеген пайдалы және қажетті ақпараттар аламын. Өндіріс қызметкерлері мен еңбек ұжымдары туралы жаңалықтарды, оқиғаларды оқып, сұрақтарға жауап аламын. Ауданның өзге тұрғындары да «Мұғалжарды» қолдап, 2025 жылға жазылатынына сенемін.

Ұқсас ақпараттар

«Борышкер»

admin_mugalzhar

ЕКІ АЙЛЫҚ: МАҚСАТ – ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ ЖАЙҚАЛТУ

admin_mugalzhar

Иманбай ҚОСМҰХАНБЕТОВ, Ембі қаласы әкімінің орынбасары: БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БАЙЛАНЫС – ХАЛЫҚҚА ЖЕТЕР СОНДА ІС

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.