«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Заң мен тәртіп: “Құқықтық көмек” жобасы аясында Ақтөбеде азаматтарды көшпелі қабылдау жүргізілді

Ақтөбеде “Құқықтық көмек” жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті. Қаладағы құрылыс гипермаркеттерінің бірінде ақтөбеліктер тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды.

Тұрғындарға қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту,  тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ “Отбасы банкінің” өкілдері, заңгерлер мен депутаттар кеңес берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде “AMANAT” партиясының облыстық филиалымен 80-нен астам азаматтарды қабылдау өткізілді, оның 14-і облыс орталығында болды. Мұндай қабылдаулар ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Қабылдау аясында құжат рәсімдеу мен заңгерлік көмек тегін жүргізіледі.

Ұқсас ақпараттар

Әйелдерге арналған вагондар тағы үш бағытта қатынай бастады

admin_mugalzhar

КӨТЕРМЕ ЖОЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

admin_mugalzhar