«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НӨМІРІ КӨРІНБЕЙТІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

Қыстыгүні көлік нөмірін қар жауып қалса да айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қыста кейбір адамдар көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынады.
Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, — деп жазылған бапта.
2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілерге 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Өткен жылы айыппұл мөлшері 17 250 теңгені құраған.

Ұқсас ақпараттар

Былтыр Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

admin_mugalzhar

АУДАН ШАРУАЛАРЫ БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАДЫ

admin_mugalzhar

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.