«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылаймыз – Мәжіліс төрағасы

KAZINFORM — Салық саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған салмақты шешім қабылдауымыз қажет. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Е. Қошанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы салық реформасы жөнінде өз ұстанымын айтқанын еске салды.

Реформа қажет-ақ, бірақ ол барынша сараланып, байыппен қаралуға тиіс. Біз қосылған құн салығы мен әлеуметтік салық бойынша Үкіметтің позициясын білдік. Бұл мәселе бойынша сарапшылар мен Парламент депутаттары да өз пікірлерін айтуда. Сондықтан мемлекеттік органдармен, бизнеспен бірлесіп, Салық кодексіне ұсынылып отырған түзетулерді мұқият талқылайтын боламыз. Өзгерістерді барлық қырынан жан-жақты қарастырып, салық саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған салмақты шешім қабылдауымыз қажет, — деді Е. Қошанов.

Оның айтуынша, басты мәселенің бірі – міндетті медициналық сақтандыру жүйесі. Осы саладағы проблемалар бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқаны мәлім.

Күні кеше Мәжілісте өткен Үкімет сағатында бұл тақырып жан-жақты талқыланды. Депутаттар салалық министрлікке осы салада үнемі орын алып келе жатқан бірқатар проблеманы атап айтты. Бұған дейін Қоғамдық палата алаңында да кеңінен талқылау өткен болатын. Енді осы пікірталастардың барлық нәтижесін, сондай-ақ жинақталған тәжірибені заңнамалық тұрғыдан қарау қажет. Біз медициналық сақтандыру жүйесіндегі жағдайды шын мәнінде жақсартатын, медициналық қызметтер тұтынушылардың бәрін қанағаттандыратын түзетулер қабылдауымыз керек, — деді Е. Қошанов.

Еске салсақ, 28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Ұқсас ақпараттар

Названа страна, которая может первой победить COVID-19

admin_mugalzhar

Батыс Қазақстанда полицейлерге шабуыл жасалды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 920 мың адам несие алудан ерікті түрде бас тартқан

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.