«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандағы үздік 5 туристік ауыл анықталды

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылады, — деп жазды turkistan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Жоба тұрақты туризмді дамытуға, бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған

Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Олар жаңа бағыттар мен аутентикалық туризмге қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін тартымды болуы мүмкін.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:

Лепсі (Жетісу облысы Алакөл ауданы);
Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы Сырдария ауданы);
Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы);
Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданы);
Шабанбай би (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы).
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

Ұқсас ақпараттар

ӘРБІР БАЛА — БІР ЖҰЛДЫЗ

admin_mugalzhar

1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады

admin_mugalzhar

ШӨП ШАБУ: ЖОСПАР – 213 700 ТОННА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ

admin_mugalzhar