«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘРБІР БАЛА — БІР ЖҰЛДЫЗ

Ағайынды Жұбановтар музейінде жазғы мектеп оқушылары мен лагерь оқушыларына музей залдары бойынша саяхаттар жасалып, түрлі бағытта шаралар өткізілді.
Биылғы «Балалар жылына» байланысты Қандыағаш, Ембі, Жем қалалық, Мұғалжар, Жаңажол, Алтынды ауылдық мектептерінің жанынан ашылған жазғы мектептер мен лагерьлер оқушылары және балабақша бүлдіршіндері музейге келіп, жәдігерлермен танысып, қазақтың ғылымы мен өнерін аласармас шың биігіне көтерген Құдайберген, Ахмет, Ғазиза Жұбановтардың өмір жолдарымен, еңбектерімен танысты. Сонымен қатар оқушылар ой-сезімдерінің жүйріктігімен «Мен білетін жәдігер» ойынында музей қорындағы бабаларымыздың он саусағының ұшымен, көз майын тауысып жасаған мұрасы ағаш үй, уықбау, басқұр, қасқыр ішік, ер тұрман, терме алаша, қыш құмыралардың атауын тауып, олардың тарихы мен жасалуы және пайдалануы туралы айтып, өз ойларымен бөлісті. Қазақтың ұлттық музыкалық жетіген, қыл қобыз, дауылпаз, сазсырнай аспаптарының тарихын ертегі, аңыздарға сүйене отырып, тартымды әңгімелеп берді. Мектеп жанынан құрылған лагерь оқушыларына «Балалар жылына» орай қала, ауыл мектептерінің оқушыларын бірбірімен жақын таныстырып, әркез достық пен бірлікте болуға шақырып, білім, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында аудан, облыс, республика көлемінде жүлделі орын алып жүрген өнерпаздар арасында «Әрбір бала — бір жұлдыз» концерті ұйымдастырылды. Сахнада өнер көрсеткен қалалық мектептер мен Мұғалжар орта мектебінің оқушыларына музей атынан сыйлықтар таратылды. Жазғы лагерь оқушыларына арналып композитор А.Жұбановтың ел бейбітшілігіне арнап жазған патриоттық «Ақкөгершін», «Бейбітшілік жыры» әндері орындалды.
Анархан САМИҒҰЛЛАҚЫЗЫ, Ағайынды Жұбановтар музейі, Ембі қаласы

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

admin_mugalzhar

Қазақстанда медицина туризмін дамыту жоспарланды

admin_mugalzhar

ЖОСПАР: 281 500 ШӨП ШАБУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.