«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЫНЫСЫН КЕҢЕЙТУ – ДАМУҒА ҚАДАМ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында аудандық кірістер басқармасының мамандары және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен отырыс өтті. Аталған жиында салық саласындағы өзгерістер мен кәсіпкерлерге қатысты өзекті мәселелер сөзболды.

Аудандық кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Ербол Аманқұлов кәсіпкерлер үшін маңызды салықтық өзгерістер туралы хабарлама жасады. Ал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Тайтақов 2024 жылы атқарылған кәсіпкерлік саласындағы жұмыстардың қорытындыларын баяндап, аудандағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағдарламаларын атап өтті.

Сондай-ақ отырыс барысында кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауаптарды алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Ләззат Алмашева жетекшілік ететін «Zerde» оқу орталығы мен «Қамқор» отбасын қолдау орталығы арасында әлеуметтік әлсіз топтарға жататын отбасылардың балаларын тегін қосымша оқыту, кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асыру мақсатында меморандум жасалды. Отырысты қорытындылаған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов болашақта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көптеген маңызды жобалардыіскеасырудыжоспарлапотырғанынжеткізді. Оныңсөзінше, аудан кәсіпкерлеріне ортақ мақсат – бизнеске деген қызығушылықты арттыру және әлеуметтікжауапкершілікті күшейту болып табылады. Сол себепті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының отырысы ауданның кәсіпкерлік экожүйесін нығайтуда маңызды қадам болып табылатынын айтты.

А.МАНАСБАЕВА

 

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысы: 2024 жыл – ауылдық денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер жылы

admin_mugalzhar

БЕКБОЛ — МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан»: 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысушылар Астанада ағаш отырғызды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.