«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КІТАПХАНА: “АЛҒЫС ПЕН РИЗАШЫЛЫҚ” ШАРАСЫ ӨТТІ

Мұғалжар аудандық орталық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл және Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік шара өтті.
Ұйымдастырушылар шараның басты мақсаты – Алғыс айту күнінің мән-мағынасы мен тарихын оқырмандарға түсіндіріп, қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқына пана болған, қуаныш пен қайғыны бірге бөліскен өзге ұлт өкілдерінің шын жүректен алғыстарын жеткізу екенін, сонымен бірге еңбек адамдарына, өз ісін адал атқарып жүрген жұмысшы мамандық иелеріне ризашылық білдіру екенін жеткізді.
Мерекелік шараға Мұғалжар аудандық ауруханасының балалар аймақтық медбикесі Раушангүл Ажимкина, Локомотив пайдалану депосының локомотив қабылдаушысы Ажибай Срашев, өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұрболат Тәжіғұлов, өрт сөндіру бөлімінін жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Серік Ерекешов, өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші, құтқарушы, азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрпейіс Таңатаров, сұрыптаушы-пошташы Нұржамал Мұратова, «Алтын сапа» тігін цехының иесі, тігінші-кәсіпкер Дәмеш Сарымсақова, мәдениет үйінің қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл және Алғыс айту күнінің тарихынан сыр шертетін видео көрсетілімімен басталып, мәдинет үйінің әншісі Айгүл Балғаринаның орындауындағы «Алғыс» әнімен ашылды. Сонымен бірге қазақ халқына алғыс айтқан өзге ұлт өкілдерінің алғыс видеожолдаулары ұсынылды.
Аталған шара жұмысшы мамандық иелеріне алғыс айтумен жалғасып, олардың жұмыстары төңірегінде сырлы сұхбатпен жалғасын тапты.
Кітапханашылар оқырмандарға өз тараптарынан алғыс айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның салтанатын арттырды.
Тосын сый ұйымдастырған Қандыағаш қалалық №2, 4, ЖББОМ-нің кітапханашылары аудандық кітапхана қызметкелеріне алғыстарын білдіре келіп, әнмен әрлеп, жырдан шашу шашты.
Шара соңында аудандық кітапхана директоры Әлия Салқымбаева келген қонақтар мен оқырмандарға өз алғысын білдіріп, сыйлықтар ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНАТБЕК ПЕН ЖАНСЕРІКТІҢ ИГІ ІСІ

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту: Басқа қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА ҚАНША ТҰРҒЫН БАР?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.