«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ 110 ЖАСТАҒЫ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Көрісу күнінде Асхат Шахаров 110 жастағы тыл еңбеккері Жәкібай Бисенғалиеваның үйіне сәлем беріп барды

🔹 Жәкібай Бисенғалиева – тағдырдың талай ауыр сынағын басынан өткерсе де, мойымаған мықты әрі мейірімді кейуана. 1915 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар қазіргі Хромтау ауданында тұрды. Қамбада астықты таразылаудан бастап, тракторды тізгіндеуді жетік меңгерген. Кітапханашы, сауыншы болып жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында еш қиындыққа қарамастан, майданға көмектесу үшін жұмысын тастаған жоқ.

Жолдасы Ғабит Бисенғалиев соғыстан елге І топтағы мүгедек болып оралды. 1993 жылы өмірден өткен. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп, өсірді. Жәкібай ананы 74 жасында балалары мен немерелері қалаға көшіріп әкелген. Қария қазір немересі Данияр және оның отбасымен бірге тұрады. Әженің үш немересі мен жеті шөбересі бар.

➖ Жәкібай Бисенғалиеваның отбасы әрқашан татулығымен ерекше. Келіні Өзипа Бисенғалиева енесімен кикілжіңсіз, татулық пен түсіністікте 47 жыл өмір сүргендерін айтады.

«Менің енем – жарқын және мейірімді әйел. Маған көп нәрсе үйретті. Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз», — деді Өзипа Бисенғалиева.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТ — МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

admin_mugalzhar

Австралияда карантин белгіленген уақыттан ерте алынбақ

admin_mugalzhar

ЖАСТАР ЖЕҢІЛ КЕЛЕТІН ДҮНИЕГЕ ӘУЕС БОЛМАУЫ КЕРЕК

admin_mugalzhar