«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан 4 сала бойынша жаһандық ауқымда ықпалын жүргізе алады – Ұлттық құрылтай

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Үкіметке озық цифрлық тәсілдер мен жасанды интеллектіге қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын еселеп күшейту тапсырылды.

– Меніңше, Қазақстанның кемінде төрт салада орасан зор мүмкіндіктері бар. Осы салаларда біз өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтық, тіпті, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы негіз болады, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдану ісінде еліміз зор жетістікке жете алады. Қазақстан қазірдің өзінде БҰҰ Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына кіріп тұр.

– Бірақ, мұнымен шектеліп қалуға еш болмайды. Жоғары технологиялар экономиканың және мемлекетті басқару ісінің барлық саласын дамытуға тың серпін беріп, алға бастайды.
Үкімет озық цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты еселеп күшейтуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа қаулы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде магистральды газ бұру құбырының 3-ші желісі салынады

admin_mugalzhar

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.