«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Інжу ЖАҢАБЕРГЕН, жент жасаған жасөспірім: ӘЖЕММЕН ДАЙЫНДАҒАН ЖЕНТ БАЛ ТАТИДЫ

Менің әжем Қансұлу Жұмабаева қазақтың ұлттық тағамдарын өте дәмді дайындайды. Соның ішінде маған қатты ұнайтыны — дәмі тіл үйіріп, ауызда еритін жент тәттісі. Наурыз мейрамы қарсаңында сіңілім Айша екеуміз әжемізге өтініш жасап, дәмді жентті қалай дайындау керектігін үйретуін сұрадық. Әжем өтінішімізді жауапсыз қалдырмай, бізбен бірге жент дайындады. Жентті дайындау барысында тарының талқаны немесе бидайдың жармасы қажет болады екен. Біз жентті тарының талқанынан жасағанды жөн көрдік. Алдымен 200 грамм сары майды ерітіп, 100 грамм табиғи бал қосып, ерекше дәм беру үшін аз ғана мейіз бен жаңғақ қосып, 500 грамм талқанға араластырдық. Дайын болған қоспамызды өзімізге ұнайтын әр түрлі формаға салып, дайындадық. Жентті дайындау барысында әжем жент тары дақылынан жасалатындықтан ағзаға берер пайдасы мол екенін, оның құрамында адам ағзасына пайдалы түрлі дәрумендердің барын айтып берді.

Өзіміздің қолымызбен дайындаған женттің дәмі тіпті ерекше болды. Себебі еңбектің наны тәтті екенін түсіндік. Біз дайындаған женттің дәмін көрген атам да риза болып, бізге ақ батасын берді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Президент атынан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік наградалар табыс етті

admin_mugalzhar

ТЕМІРЛАННЫҢ ТЕМІРДЕЙ ТӨЗІМІ һәм МҰҚАЛМАС ЖІГЕРІ

admin_mugalzhar